“Үздік тәрбиеші, үздік топ” сайысы

15-наурыз Ұлыстың ұлы күні қарсаңында топ тәрбиешілері мен ата-аналардың қатысуымен “Үздік тәрбиеші, үздік топ” сайысы өткізілді.
Сайыс бірнеше кезеңдерден және тапсырмалардан құралды.
Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту мақсатында сұрақ-жауап тапсырмалары болды. Қатысушылар өздерін таныстырып, үй тапсырмаларын сыйға тартты. Сайыс жоғары деңгейде өтті, ата -аналар ризашылығын білдіріп рухани демалып қайтқандарын айтты.
Бас жүлде “Көбелек” тобының тәрбиешісі Сәкен Асылайым Сәкенқызы ата-анасымен Акерке Ғалымжанқызымен жеңіске жетті.

One comment

  1. Іс шара өте қызықты өтті. Тәрбиешілер өнерлі бәрі қызу дайындалған. Мерекелік көңіл күй сыйлаған ұжымға рахмет👍

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *