«Асық терапиясы арқылы балалардың зияткерлік қабілеттерін арттыру»

2023-2024 оқу жылында эксперименттік алаң ашылды.
Эксперименталды алаң тақырыбы: «Асық терапиясы арқылы балалардың зияткерлік қабілеттерін арттыру»
Мақсаты: Ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтарымызды, ойындарымызды балаларға таныстыра отырып, оны жаңаша түрде құрал ретінде ұйымдастырылған іс –әрекетінде қолданысқа енгізіп, балалардың ойлау қабілетін, дене қимылын дамыту.
Міндеттері:
1.Асық ойынының барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, асықтың түрлерімен ерекшелерін білу.
2.Қазақтың ұлттық ойыны асық ойынын дәріптеу. Асық ойынының маңызы мен оның түрлерін анықтау.
3.Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуін жетілдіру.Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
Бала ойнау арқылы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің үлгісін саналы түрде орындайды .
Биылғы 2023-2024 оқу жылында эксперименттік алаң «Асық терапиясы арқылы балалардың зияткерлік қабілеттерін арттыру» тақырыбында эксперимент кезең бойынша жұмыстар атқарылды.
Эксперименттік алаң бойынша анықталған проблемаларды шешу балабақша ұжымымен педагогикалық кеңесте бірлесе отырып талқыланды.
Осы орайда асық ойындарының орны ерекше. Асық жайлы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие» деген екен. Бұл сөздерде үлкен мән мағына жатыр.
Асықтың бала өміріндегі маңызы орасан зор. Асық ойындарын ойнау кезінде баланың түрлі танымдық қабілеттері дамып, денсаулығы нығайды. Асық ешбір зиянсыз табиғи зат болып табылады. Халқымызда «Асығың алшысынан түссін» деген жақсы тілек бар. Асық ойыны ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа, сергектікке баулиды. Асық ойыны – өзінің түрлеріне қарай баланың күш-жігерін арттырып, мергендігін, шапшаңдығын, ептілігі мен қырағылығын жетілдіреді. Бір мезгілде бірнеше бала ойнайтын асық ойынының түрлері жас баланың намысын жанып, «қатарымнан озсам» деген талпынысты бойға қасиет қылып сіңіреді. Асықтың атып ойнайтын түрлері үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені жартылай бүгу, жиырылу, ширығу жас
балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Қазіргі танда балалардың қолынан телефон түспейді. Техниканың тілін білген жақсы. Бірақ денсаулықты, қоршаған ортаны естен шығармаған жөн. Бұл шыдамдылыққа шыңдап, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелейді. Жеңіп алу, ұту, алға ұмтылу деген сезімді сезіндіреді. Көздің көруін жақсартады. Баланы физиологиялық, психологиялық жағынан дамытады. Бұл асықтың құдіреті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *